• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 09:05

Жүргізушілер алаңдаулы: Атырауда шетелдік нөмірлі көліктерге тексеру күшейді

21 мамыр күні Атыраудағы «Салтанат сарайы» маңындағы автотұрақта 200-ден астам көлік иесі жиналды. Олардың басым бөлігі армян, грузин және ресейлік нөмірмен тіркелген автокөліктер болды. Жүргізушілер полиция тарапынан жүргізілетін тексерулер мен айыппұлдарға байланысты алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жергілікті «Ақ жайық» басылымының жазуынша соңғы күндері қалада басқа өңірлерден келген қосымша полиция жасақтары көбейген. Бұған дейін полицейлер жүргізушілердің құжаттарын, сақтандыру полистерін, дәрі қобдишасын, өрт сөндіргішін және шетелдік тіркеудегі көліктерді тексерген.

Жүргізушілердің бірі Әділбек Табылдыев грузин нөмірлі көлікті бірнеше жыл бұрын сатып алғанын айтты. Оның сөзінше, бұған дейін еш қиындық болмаған, ал қазір сақтандыруды шұғыл рәсімдеу талап етіліп жатыр.

«30 минуттық қуат»: BYD көліктерінің иелері неге дабыл қақты?

Бейресми мәлімет бойынша, Атырауда шетелдік нөмірлі бес мыңнан астам көлік бар. Көліктердің көбі Грузия мен Арменияда тіркелген.

Жиналғандардың айтуынша, оқиға орнына полиция, әкімдік, прокуратура және ҰҚК қызметкерлері келген. Алайда жүргізушілер нақты түсіндіру жұмыстары жүргізілмегенін айтты.

Ал полиция департаменті өңірде күшейтілген профилактикалық шаралар өтіп жатқанын хабарлады. Ведомство мәліметінше, рейдтердің мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтардың алдын алу.

Еске сала кетейік, енді көлік нөмірін мұраға қалдыруға рұқсат етіледі.

Соңғы жаңалықтар