• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Парламент Бүгін, 13:53

Сот орындаушылары енді алимент шоттарынан ақша өндіре алмайды

Мәжіліс нотариат саласына бағытталған заң жобасына өзгертулер енгізді. Заңға енгізілген түзетулерге сәйкес, азаматтарға алимент қаражатын қабылдау үшін банкте арнайы бөлек шот ашу мүмкіндігі беріледі. Бұл шоттағы қаражатқа сот орындаушылары тарапынан шектеу қоюға жол берілмейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сонымен қатар атқарушылық құжаттардың жекелеген санаттары бойынша жеңілдетілген өндіріс қолдану кеңейтіледі. Атап айтқанда, айыппұлдар мен салықтық берешектер бойынша өндіріп алу шегі 20 АЕК-тен 40 АЕК-ке дейін ұлғайтылады.

Бұдан бөлек, борышкерлерді баспанасынан мәжбүрлі түрде шығару туралы алдын ала хабарлама міндеттеледі.

«Түзетулерде борышкерді баспанасынан мәжбүрлі түрде шығару туралы алдын ала кемінде 10 күн бұрын хабарлау міндеті енгізіледі. Бұл азаматтарға көшуге және тұрғын үй мәселелерін шешуге мүмкіндік береді», делінген Мәжіліс хабарламасында.

Мәжілістің жалпы отырысында қандай мәселелер қаралады?

Сондай-ақ заң жобасында мерзімі өткен атқарушылық құжаттар бойынша барлық мәжбүрлеу шаралары тоқтатылатыны қарастырылған. Бұған қоса, өндірісті аяқтаған сот орындаушысына басқа орындаушылар салған тыйымдарды алып тастау құқығы беріледі.

Сондай-ақ Мәжілістің жалпы отырысында қызмет алушылардың жеке деректерін негізсіз пайдаланған нотариустар лицензиясынан айыру туралы заң жобасы қабылданды.

Соңғы жаңалықтар