38-тур алдындағы турнирлік кестеде «Арсенал» 82 ұпаймен бірінші орында тұр. «Манчестер Сити» 78 ұпаймен екінші сатыға жайғасса, «Борнмут» 56 ұпаймен алтыншы орында келеді.
Осылайша, олар Англия чемпионы атағын тарихында 14-рет жеңіп алды. Лондондық клуб соңғы рет 2003-2004 жылғы маусымда чемпион атанған еді. Сол маусымда «Арсенал» чемпионатты бірде-бір жеңіліссіз аяқтап, команда 38 матчта 26 жеңіс пен 12 тең ойын тіркеген болатын.
Тарихи тізбекті испаниялық бапкер Микель Артета жалғап, бапкерлік мансабында ұстазы болған Пеп Гвардиоладан басым түсті.
48 команданың бәйгесі: Жаңа формат сенсацияларға жол аша ма?
Айта кетейік, биыл «Арсенал» 2006 жылдан бері алғаш рет Чемпиондар лигасының финалына шықты. 30 мамыр күні Будапешт қаласында өтетін шешуші кездесуде ағылшын клубы «Пари Сен-Жермен» командасына қарсы ойнайды.