• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 09:47

7 провинцияны шарпыды: Қытайдағы жойқын су тасқынынан 18 адам қаза тапты

Қытайдың оңтүстігі мен орталық бөлігінде нөсер жаңбыр салдарынан болған жойқын су тасқыны салдарынан 18 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Табиғи апат аймағы елдің бірден 7 провинциясын қамтыды.

Зардап шеккен өңірлерде мектептер мен кәсіпорындар жабылып, қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылды, сондай-ақ электр қуатымен қамтуда іркілістер бар. Тұрғындар ең қауіпті аудандардан эвакуацияланып жатыр.

Табиғи апат салдарын жою үшін билік шамамен 22 миллион доллар бөлді.

Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері циклонның эпицентрі елдің шығысына қарай ығысады.

Шөптікөл бөгетіндегі қазіргі ахуал: Сабынды ауылында су тасқыны қаупі жойылды

Еске сала кетейік, Ауғанстанда нөсер жауын салдарынан болған су тасқыны мен көшкіндерден 77 адам қаза тапты, тағы 137 адам жарақат алды.

Соңғы жаңалықтар