• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Мереке Бүгін, 10:42

Биыл Құрбан айт мерекесі ерекше форматта тойланбақ: Бас мүфти маңызды мәлімдеме жасады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордада өткен баспасөз мәслихатында ел тұрғындарын Құрбан айт мерекесін ұлттық дәстүрге сай атап өтуге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бас мүфтидің айтуынша, жыл басында дін қызметкерлеріне жолдаған бағдарламалық баяндамасында Құрбан айт пен Ораза айтты қоғамдық деңгейде, ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып өткізу қажеттігі айтылған.

Оның сөзінше, айт күндері республика көлемінде «Құрбан айт – ұлық мереке» тақырыбында түрлі рухани-мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады. Облыстық, қалалық және аудандық мешіттердің ауласында киіз үйлер тігіліп, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтеді. Сонымен қатар еліміздің әр өңірінде мәдени және рухани кештер ұйымдастырылмақ.

Наурызбай қажы Тағанұлы барша жамағатты ұлттық киім киіп, айт мерекесін қазақы дәстүр мен ұлттық нақышта өткізуге және ұйымдастырылатын игі шараларға белсенді қатысуға үндеді.

Айта кетейік, Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса теріс діни ағымдарға заңмен тыйым салуды талап етті.

Соңғы жаңалықтар