Қайғылы оқиға Солтүстік Қазақстан облысында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша Ақжар ауданының әкімі Ерлан Смайылов өз-өзіне қол жұмсаған.
Ол бұл қызметке 2026 жылдың 17 ақпанынан бастап кіріскен. Бұған дейін «Майское-Агро» ЖШС директорының орынбасары болған.
Қайғылы жағдай 18 мамыр күні болған. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Осыған дейін Ақтөбе облысында Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетовтің мәйіті табылған болатын. Анықталғандай марқұм өз-өзіне қол салған.
Сондай-ақ былтыр қазан айында Атырау облысында аудандық әкімдіктің қызметкері өзіне қол жұмсады.