• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 11:52

Қызылордада 4 жасар бала терезеден құлап кете жаздады

Қызылорда қаласында құтқарушылар терезеден құлап кеткелі тұрған баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылорда қаласы Чайковский көшесінде бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтер терезесінде кішкентай баланың отырғаны және оның құлап кету қаупі бар екені туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар үш иінді сатының көмегімен ашық терезе маңында тұрған баланы құтқарып алды.

«Оқиға кезінде пәтердің есігі құлыптаулы болған, ата-анасы үйде болмаған. Шамамен 4 жастағы бала полиция қызметкерлеріне тапсырылды», делінген ақпаратта.

Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарға кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауды және терезелерге арнайы қорғаныс құралдарын орнатуды ескертеді.

Еске салайық, былтыр Астанада 14 бала терезеден құлап, көз жұмған.

Соңғы жаңалықтар