• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 19:37

Президент түркі тарихын біріктіретін AI-платформа құруды ұсынды

20 рет
көрсетілді

Түркі елдері мемлекеттерінің бейрейми саммитінде Мемлекет басшысы ұйымға мүше мемлекеттердің бірлескен IT хаб орталығын ашуды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент Орталыққа «Turkic ai» атауын беріп, оны Alem.ai орталығында орналастыруға болатындығын атап өтті. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект пен озық технология дәуірінде рухани және мәдени құндылықтарды назардан тыс қалдырмау қажеттігіне тоқталды.

 «Түркі өркениетінің мол мұрасын сақтау және оны зерделеу – тарихи жадыны жаңғырту мәселесі ғана емес. Бұл – біздің бірегей болмысымызды, бірлігімізді және ынтымақтастығымызды көрсететін маңызды фактор. Осы орайда мен Түркі өркениетінің мұрасын сақтау жөніндегі конвенция жобасын пысықтау туралы ұсынысты қолдауға шақырамын.   Бұл құжат түркі халықтарының тарихи-мәдени мұрасын сақтау және дәріптеу ісіне құқықтық негіз болады. Сондай-ақ ЮНЕСКО-ның осы саладағы қызмет аясын кеңейте түсуге ықпал етеді», деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМҰ аясында бірлесе іске асыруға болатын бірқатар ұсынысты ортаға салды

Сондай-ақ Президент түркі халықтарының тарихы мен мәдениетіне қатысты материалдарды жинақтайтын жасанды интеллект негізіндегі арнайы цифрлық платформаны құруды ұсынды. Бұдан бөлек, саммит отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев түркі тілдеріне ортақ терминологиялық негіз қалыптастыру қажеттігін айтты.

Соңғы жаңалықтар