• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Шаруашылық Бүгін, 15:17

Жылдық 5%: Шаруаларға жеңілдетілген несие алу үшін қандай талап қойылды?

40 рет
көрсетілді

Қазақстанда фермерлерге бордақылау алаңдарын дамыту үшін жылдық 5%-бен жеңілдетілген несие беру басталды. Бұл туралы Аграрлық несие корпорациясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Жаңа бағдарлама аясында шаруалар 12 айға дейін несие рәсімдей алады. Қаржының кемінде 70%-ы ірі және ұсақ малды сатып алуға бағытталуы тиіс. Қалған 30%-ын жем-шөп, жанар-жағармай, техника бөлшектері, сондай-ақ малды сәйкестендіруге арналған чиптер мен сырғаларды сатып алуға жұмсауға болады.

Аграрлық несие корпорациясының мәліметінше, бағдарлама ішкі нарықты сапалы етпен қамтамасыз етіп, бағаны тұрақтандыруға бағытталған.

«Аталған бағдарлама ішкі нарықты сапалы етпен қамтамасыз етіп, сауда орындарындағы бағаны тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Біз фермерлер қымбат нарықтық қаржыландыру көздерін іздеуге алаңдамай, мал мен жем-шөпті жедел сатып ала алуы үшін қаржыға қолжетімділікті жеңілдеттік», деп атап өтті Аграрлық несие корпорациясында.

Несие төлемін кешіктіргенде нені білген жөн?

Қаржыландыру тікелей корпорация филиалдары арқылы немесе несие серіктестіктері, екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдары арқылы жүзеге асады.

Бағдарламаға қатысу үшін бордақылау алаңы кемінде 500 бас ірі қараға немесе 1 000 бас ұсақ малға есептелуі қажет. Сонымен қатар шаруашылықтарда қажетті инфрақұрылым, су жүйесі, карантин алаңы және экологиялық қорытынды болуы тиіс.

Айта кетейік, бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі шаруаларға сиыр етінің бағасын 3275 теңгеден асырмау туралы міндеттеме енгізген болатын.

Соңғы жаңалықтар