Қостанай облысында екі адамның өліміне әкелген жол апатын жасаған жергілікті тұрғынға сот үкімі шықты. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Жол-көлік оқиғасы 2025 жылғы 30 тамызда Қостанай – Әулиекөл – Сұрған тасжолында болған. Toyota Camry жүргізушісі Новонежинка ауылының маңында қарсы бағытқа шығып кетіп, Opel Vectra көлігімен соқтығысқан.
Opel көлігіндегі екі жолаушы оқиға орнында алған жарақаттарынан қаза тапты. Ал Toyota салонында болған тағы бір адам ауыр жарақат алған.
Жантүршігерлік жол апатынан Шығыс Қазақстанда үш жігіт көз жұмды
Сотталушы кінәсін толық мойындады. Сот үкіміне сәйкес ол бес жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сонымен қатар оған алдағы бес жыл бойы көлік жүргізуге тыйым салынды және жәбірленушілердің азаматтық талаптары бойынша өтемақыны ішінара төлеу міндеттелді. Өтемақы көлемі сотта нақтыланбады.
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Резонанс тудырған іс таяуда сотқа жолданады
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.