Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент Палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 15 мамырда сағат 10.00-де өтеді.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 15 мамырда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын», деп жазылған Өкім мәтінінде.
Еске сала кетейік, Парламент палаталарының алдыңғы бірлескен отырысы 20 наурызда өткен. Бірлескен отырыста депутаттар «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Жақында Президент аталған заң жобасына қол қойған болатын.