• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Тағзым Бүгін, 15:27

Қазақстанда 3 жаңа орден пайда болады

30 рет
көрсетілді

Парламент Мәжілісі Қазақстанның мемлекеттік наградалары туралы заңға енгізілетін түзетулерді қабылдады. Құжатқа сәйкес, елде үш жаңа орден пайда болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мейірім» ордені меценаттық, филантропиялық және қайырымдылық қызметке елеулі үлес қосқан азаматтарға табысталады. Ал «Қожа Ахмет Ясауи» ордені танымал Қазақстан және шетел ғалымдарына, мемлекет және қоғам қайраткерлеріне беріледі. «Әл-Фараби» ордені білім мен ғылым, мәдениет және рухани өмір салаларында жетістікке жеткен азаматтарға арналған.

Заң жобасы Парламент Сенатының қарауына жолданды.

«Ерлік ешқашан ескірмейді»: Тоқаев Кенжебай Мәденовтің ұлына Алтын жұлдыз бен «Отан» орденін тапсырды

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев «Қожа Ахмет Ясауи» орденін мемлекеттік наградалар тізіміне енгізу туралы жарлыққа қол қоятынын мәлімдеген болатын. Кейін Мемлекет басшысы «Әл-Фараби» орденін тағайындауды да ұсынған еді.

Биыл «Мейірім», «Қожа Ахмет Ясауи» және «Әл-Фараби» ордендері алғаш рет Республика күні қарсаңында табысталмақ.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар