• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 19:57

«Реалдың» 8 ойыншысы «Барселонаға» қарсы ойнамайды: Тізімде Мбаппе де бар

60 рет
көрсетілді

Бүгін түнде Ла Лиганың 35-ші туры аясында өтетін «Барселона» мен «Реал Мадрид» арасындағы шешуші кездесу қарсаңында мадридтік клубтың мәлімдемесі жанкүйерлерді есеңгіретіп тастады. Команданың басты жұлдызы Килиан Мбаппе мен тағы 7 ойыншы бұл матчқа қатыспайды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Франция құрамасының капитаны Килиан Мбаппе соңғы жаттығуларға қатысқанына қарамастан тізімге енбей қалды. Бұған сәуір айының соңында алған сол аяғының сіңір жарақаты себеп болған. Дәрігерлер жұлдызды шабуылшының денсаулығына қатысты тәуекелге бармауды жөн көрген.

Мбаппеден бөлек, «корольдік клубтың» тағы 7 маңызды ойыншысы медициналық себептермен саптан шықты: Эдер Милитао, Ферлан Менди, Дани Карвахаль, Дани Себальос, Арда Гюлер, Федерико Вальверде және Родриго Гоэс.

Эль-Класикода «Реалды» Винисиус Жуниор бастап шығады

Бір қызығы, вице-капитан Вальвердемен жанжалдасып, 500 мың еуро айыппұл арқалаған Орельен Тчуамени құрамға енді.

Матч 10 мамырдан 11 мамырға қараған түні сағат 00:00-де (Астана уақытымен) «Камп Ноу» стадионында өтеді.

Соңғы жаңалықтар