Қазақстан ұлттық құрамасы ФИФА-ның футзалдан жаңартылған әлемдік рейтингінде өз позициясын нығайтты. Енді біздің команда әлемдегі ең мықты ондықтың 8-сатысына жайғасты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Соңғы деректерге сүйенсек, Қазақстан қоржынына 3,2 ұпай қосып, жалпы 1403,8 баллмен бір саты жоғары көтерілді. Ал керісінше, Украина құрамасы 14,92 ұпайын жоғалтып, 9-орынға сырғыды.
Футзалдан әлемдік көшбасшылар тізімінде Бразилия (1684,97 ұпай) жеке-дара 1-орында тұр. Үздік ондық келесідей:
1. Бразилия – 1684,97;
2. Португалия – 1575,32;
3. Испания – 1574,39;
4. Аргентина – 1513,38;
5. Иран – 1507,71;
6. Марокко – 1486,53;
7. Ресей – 1430,32;
8. Қазақстан (+1) – 1403,8;
8. Украина (-1) – 1400,89;
9. Франция – 1397,25.
Еске сала кетейік, биылғы жылдың 16 қаңтарында ұлттық құраманың бас бапкері болып танымал бразилиялық маман Рикардо Камара Собрал (Какау) қайта тағайындалған болатын.
Какау бұған дейін 2013-2018 жылдар аралығында Қазақстан құрамасын жаттықтырып, елімізді Еуро-2016 додасының қола жүлдесіне ие еткен еді.