Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өтетін Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кремль Қазақстан Президентінің бұл шешіміне ризашылық білдіріп, Мәскеуге жасайтын жұмыс сапарын достық қадам деп атады.Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Владимир Путинмен кездесуі жоспарланған. Мемлекеттер басшылары Ресей Президентінің мамыр айының соңында Қазақстанға жасайтын сапары қарсаңында стратегиялық ынтымақтастықтың басты мәселелерін талқылайды.
Бүгін Президент Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық рейтингтік турнирін Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер тамашалағанын жазған едік.
Мемлекет басшысы сондай-ақ «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды.