• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Технология Бүгін, 17:37

Минутына 30 сөз жазады: Ойды мәтінге айналдыратын бас киім пайда болды

30 рет
көрсетілді

АҚШ-та адамның ойын тікелей мәтінге айналдыра алатынын жасанды интеллектке негізделген бас киім пайда болды. Әзірлеушілердің айтуынша, құрылғыны қолдану үшін миға имплант орнату немесе хирургиялық тәсілдерді пайдалану қажет емес, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бас киімнің ішінде шамамен 100 мыңға жуық ЭЭГ-датчик орнатылған. Олар ми белсенділігін тіркеп, деректерді арнайы нейрожеліге жіберу арқылы ойды мәтінге айналдырады.

Алгоритм жүздеген еріктінің ми сигналдары негізінде үйретілгені және жүйе минутына шамамен 30 сөзге дейін жаза алатыны айтылған.

Қытайда бала бағып, үй жинайтын әмбебап робот пайда болды

Дегенмен, технология ғылыми ортада күмән тудырып отыр. Сарапшылар әзірге рецензияланған зерттеулер ұсынылмағанын, ал ЭЭГ сигналдарының әлсіз әрі сыртқы шуға бейім екенін алға тартады.

Бұған дейін ұқсас бағытта Meta компаниясы да оймен мәтін теру жүйесін көрсеткенімен, ол тек ірі зертханалық жабдықтар арқылы жұмыс істеген.

Жамбылда байқауды робот жүргізді: Жаңа формат көрерменді таңғалдырды

Мамандардың пікірінше, жаңа құрылғы қызықты идея болғанымен, оның нақты тиімділігі мен дәлдігін растау үшін қосымша тәуелсіз зерттеулерді қажет етеді.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар