• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Күрес Бүгін, 16:23

Grand Slam турнирі: Қазақ балуаны Олимпиада жүлдегерін жеңіп, финалға шықты

30 рет
көрсетілді

Дзюдодан Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қазақ балуаны Талғат Орынбасар 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға жолдама алды. Отандасымыз жартылай финалда Токио-2020 Олимпиадасының күміс жүлдегері, Тайпей спортшысы Ян Юнвэйн жеңді, деп жазады Egemen.kz.

Осылайша Талғат Орынбасар алтын медаль үшін күресетін мүмкіндікке ие болды. Финалда ол Шерзод Давлатов пен Сухбат Бямбасурэн арасындағы белдесудің жеңімпазымен кездеседі.

Финалдық кезең Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады.

Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтеді

Сонымен қатар Қазақстан құрамасының тағы 5 дзюдошысы қола медаль үшін татамиге шығады.

66 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Серікбаев жартылай финалда өзбекстандық Абдурахим Нутфуллоевке есе жіберді. Енді ол қола жүлде үшін Анваржон Ибрахимовпен белдеседі.

Дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Грузиядағы Grand Slam турнирінің чемпионы атанды

Осы салмақта Ақылжан Жұбатқанов ресейлік Сайгид Керимовтен жеңіліп, енді қола медаль үшін Рамазан Абдулаевпен кездеседі.

60 келіге дейінгі салмақта Шерзод Давлатов жартылай финалда моңғолиялық Сухбат Бямбасурэнке жол берді.

Ал Мағжан Шамшадин жұбаныш белдесуінде үндістандық Харш Сингхты жеңіп, қола медаль үшін Шерзод Давлатовпен белдеседі.

Әйелдер арасында Меруерт Сәрсенова 52 келіге дейінгі салмақта бразилиялық Николь Маркесті жеңіп, қола жүлдеге таласу мүмкіндігін сақтап қалды. Ол енді ресейлік Лилия Нугаевамен күш сынасады.

Дзюдодан Грузиядағы Grand Slam турнирі: Талғат Орынбасар қола жүлдегер атанды

Соңғы жаңалықтар