• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Бюджет Бүгін, 16:59

Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері өсуі мүмкін

30 рет
көрсетілді

Қазақстанда ең төменгі жалақыны арттыру мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметте өткен брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрдің айтуынша, шешім бюджет мүмкіндігі мен негізгі экономикалық көрсеткіштерге байланысты қабылданады.

«Ең төменгі жалақы екі негізгі көрсеткішке байланысты есептеледі. Оның бірі – еңбек өнімділігі, екіншісі – медианалық жалақы. Сонымен қатар белгісіздік коэффициенті енгізілген, ол ең төменгі жалақы деңгейін реттеуге мүмкіндік береді», деді вице-премьер.

Қазақстанда ең төменгі жалақыны кімдер алады?

Сондай-ақ ол бұл мәселедегі түпкілікті шешім мемлекеттік бюджеттің мүмкіндігіне қарай қабылданатынын атап өтті.

«Ең төменгі жалақыны қандай деңгейге дейін көтереміз – бәрі бюджет мүмкіндігіне байланысты болады», деді Серік Жұманғарин.

Айта кетейік, бұған дейін Үкіметте ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге көтеру қажеттілігі айтылған болатын.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар