• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 14:27

Шашынан тартып, лақтырған: Павлодарда 16 баланы азаптаған тәрбиешіге үкім шықты

40 рет
көрсетілді

Павлодарда 16 бүлдіршінге қатыгездік көрсеткен тәрбиешіге қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айыптау тарапының мәліметінше, сотталушы балаларды ұрып-соғып, шашынан тартып, лақтырып, олардың денсаулығы мен психикасына зиян келтірген. 

«Тәрбиешінің кінәсі мемлекеттік айыптауды қолдаған прокурордың белсенді ұстанымының арқасында дәлелденді, ол даусыз дәлелдер ұсынып, ауырлататын мән-жайлармен неғұрлым ауыр айып тақты», делінген Павлодар облысы прокуратурасының хабарламасында.

Үтікпен күйдіріп, шанышқымен азаптаған: Сотта анасынан жәбір көрген балалар жауап берді

Сот үкіміне сәйкес, 17 сәуірде тәрбиешіге 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Алайда сот үкімі әлі заңды күшіне енбеген. Сонымен қатар ол 3 жыл мерзімге педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Қарағандылық отбасы өздері асырап алған балаларды азаптап келген

Нұрболат АМАНБЕК

 

Соңғы жаңалықтар