Астанада Нұрмағамбетов пен Қалдаяқов көшелерінің қиылысындағы LRT стансасынан өрт шықты, деп жазады Egemen.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, стансада дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде пластик құбырлар мен мақта тұтанған. Өрттің жалпы аумағы шамамен 20 шаршы метрге жеткен. Жалын мамандар келгенге өшірілген. Өрттен зардап шекккендер туралы хабарлама түспеген. Құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын анықтауға кіріскен.
Елордадағы LRT құрылысы: Қосшы бағытындағы жұмыстардың жай-күйі белгілі болды