Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысына қатысушы Кенжебай Мәденұлы Мәденовке «Халық қаһарманы» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Ұлы Отан соғысына қатысушы Кенжебай Мәденұлы Мәденовке (марқұм) «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды», делінген Ақорда таратқан хабарламада.