28 сәуір республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, солтүстік және орталық облыстарда жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады. Республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады. Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, сондай-ақ 28 сәуірде елдің орталығында түнгі уақытта 3°С-қа дейін үсік жүреді деп күтіледі.
Күндіз республика бойынша ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды:
Батыста – +15...+20°С дейін; Солтүстік-батыста – +17...+25°С дейін; Солтүстікте – +21...+26°С дейін; Орталықта – +21...+30°С дейін; Шығыста – +19...+27°С дейін; Оңтүстікте – +25...+34°С дейін; Оңтүстік-шығыста – +22...+27°С дейін.Астанада күн ашық болып, жауын-шашын күтілмейді, ауа температурасы күндіз шамамен +17…+18°C, ал түнде +7…+8°C жылы болады.
Алматыда күн ашық, күндіз +18…+20°C шамасында, түнде +7…+10°C сақталады.
Ал Шымкентте ауа райы жылы әрі құрғақ болып, күндіз температура +25…+28°C дейін көтеріледі, түнде +14…+16°C болады. Кей жерлерде жел күшеюі мүмкін.