Қазақстанда инсультті ерте диагностикалауға арналған жасанды интеллект жүйесі бірқатар өңірде өлім-жітім көрсеткішін 40%-ға азайтуға септігін тигізді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Министрдің айтуынша, қазіргі таңда елімізде халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған 50-ден астам AI-агент белсенді жұмыс істеп жатыр.
Қазақстанда инсульттен болатын өлім-жітім 4%-ға төмендеді
Денсаулық сақтау саласындағы ең сәтті жобалардың бірі – Cerebra AI. Бұл жүйе инсульттің алғашқы белгілерін анықтауда дәрігерлердің басты көмекшісіне айналды.
«Денсаулық сақтау саласындағы нәтижелі кейстердің бірі – Cerebra AI. Бұл – инсультті ерте диагностикалауға арналған жасанды интеллект. Ол компьютерлік томография нәтижесін 30 минуттың орнына 5-10 минут ішінде талдайды. Ол инсульт диагностикасын едәуір жылдамдатады және дәлдігін арттырады. Жүйе елордадағы 17 емханада, сондай-ақ Ақмола, Маңғыстау, Жамбыл және Алматы облыстарында енгізілді», деді министр.Дәрігерлер ЖИ көмегімен инсульт пен онкологиялық ауруларды ерте анықтап жатыр