Түркияның Анталья қаласында күрес түрлерінен жасөспірімдер (U17) мен жастар (U20) арасында өткен «Victory Cup» турнирінде Қазақстанның балуандары 8 алтын, 9 күміс және 16 қола медаль иеленді. Барлығы – 33 жүлде, деп жазады Egemen.kz.
Жасөспірімдердің сайысында грек-рим күресінен Жаңажол Қуанышбек (51 кг), Асқар Нұрәлі (60 кг), Марлен Төлеш (65 кг), еркін күрестен Бақдәулет Ағабек (48 кг), Темірлан Мұрат (55 кг), Әділет Рысбай (71 кг), әйелдер күресінен Інжу Баққожа (46 кг), Бағжан Құрманбай (73 кг) қарсылас шақ келтірмеді. Командалық есепте жерлестеріміз бірінші орынды олжалады. Жастардың жарысында Әмірмұхаммед Қабулов (55 кг, грек-рим), Асхаб Хаджиев (86 кг, еркін), Анна Страттан (57 кг), Ұлдана Тілеухан (68 кг, әйелдер) жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық