Еліміздің бас шаһарында таеквондодан тұңғыш рет Altaic Taekwondo Championships халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Sportbugin.kz мәліметінше, турнир ересектер мен жастар арасында өтеді және Дүниежүзілік таеквондо федерациясының (World Taekwondo) ресми күнтізбесіне енгізілген.
Тұңғыш әлем чемпионы: Таэквондошы Бейбарыс Қабылан жеңіске қалай жетті?
Турнирге берілген G1 санаты спортшыларға әлемдік рейтинг үшін маңызды ұпайлар жинауға мүмкіндік береді.
Жарыстың өтетін мерзімі – осы айдың 22-23 күндеріне жоспарланып отыр.
Бұған дейін пара таэквондодан Камиля Досмалова Азия чемпионы атанғанын хабарлаған едік.