• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әскер Бүгін, 13:01

Өскемендегі сарбаз өлімі: Үш әскери қызметші қызметінен босатылды

30 рет
көрсетілді

Өскемен маңындағы әскери бөлімде мерзімді қызметтегі сарбаздың қаза болуына қатысты қылмыстық іс тергеліп, материалдар сотқа жолданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайғылы оқиға 2026 жылғы 23 қаңтарда болған. Алғашында Құрлық әскерлері қолбасшылығы сарбаз қарауыл кезінде жеке қарудан атылған оқтан қаза тапқанын айтып, бұл жағдайды жазатайым оқиға ретінде бағалаған еді.

Алайда кейінгі тергеу нәтижелері оқиғаның мән-жайын өзгеше көрсеткен.

Бас әскери прокуратураның мәліметінше, батальон командирі мен взвод командирі сарбаздарға қатысты жарғыға қайшы қарым-қатынас жасап, психологиялық қысым көрсеткен. Сондай-ақ взвод командирі қарудың сақталуын тиісті деңгейде бақыламағаны анықталған.

«Оқиғаның себептері мен барлық мән-жайы анықталды. Бірнеше эпизод бойынша билікті асыра пайдалану және қызметке салғырт қарау деректерімен қылмыстық іс сотқа жіберілді», деп хабарлады прокуратура.

Абай облысындағы сарбаз өлімі: Дәрігер жазадан босатылды

Тергеу қорытындысы бойынша бөлім командирі мен оның екі орынбасары қызметінен босатылды. Сонымен қатар тағы тоғыз офицер тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Соңғы жаңалықтар