• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 12:18

Президент Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директорымен кездесті

50 рет
көрсетілді

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі және перспективасы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Ұйыммен ықпалдастықтың жаңа әрі сапалы деңгейге көтерілгеніне тоқталып, сондай-ақ еліміздің жаһандық бастамаларына ұдайы қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін ризашылығын білдірді.

Кездесуде климат пен денсаулық сақтау бағытында бірлескен зерттеулер жүргізу, цифрлық трансформацияға арналған бастамаларды ілгерілету және денсаулық сақтау саласына жасанды интеллектіні енгізу мәселелері қарастырылды.

Тедрос Адханом Гебрейесус Қасым-Жомарт Тоқаевқа Өңірлік экологиялық саммитке қатысуға шақырғаны үшін алғыс айтты.

Президент отандастарымызды Ұлттық кітап күнімен құттықтады

ДДҰ басшысы Қазақстанда жаңа Конституция қабылдау арқылы саяси реформалар мен экономикалық өрлеудің табысты іске асырылып жатқанын атап өтті.

Оның айтуынша, Ұйым Қазақстанның өңірлік және жаһандық деңгейде экология мен су қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігерін қолдайды.

Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді

Кездесу соңында Бас директор Мемлекет басшысына Ұйымның елімізге дәрілік заттардың айналымын реттеу саласын жетілдіру бойынша 3-ші деңгей берілгенін растайтын хатты табыстады. Бұл ұлттық бақылау жүйесінің сенімділігін көрсетеді.

Қазақстан мұндай дәрежеге ТМД елдері арасында бірінші, ал Еуропа аймағында төртінші болып қол жеткізген.

Соңғы жаңалықтар