Ақмола облысының прокуратурасы Щучинск қаласындағы «Центр плова Loft» дәмханасында болған жарылыс фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатыр. Бүгінде аталған қылмыстық іске қатысы бар тағы екі күдікті ұсталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Күдіктілердің әрекеті Қылмыстық кодекстің 306-бабы 3-бөлігі бойынша сараланып отыр. Бұл бап қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету салдарынан адамдардың қаза табуына әкеп соққан жағдайларды қамтиды және 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.
Щучинсктегі жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы қалай?
Сот санкциясымен бір күдікті қамауға алынса, екіншісіне үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Тергеу әлі де жалғасады, түпкілікті шешімді сот қабылдайды.
Щучинсктегі өрт: Ауруханада ауыр халде жатқан тағы 2 адам қайтыс болды
Еске салайық, қайғылы оқиға ақпан айының соңында болған. Кафедегі газ жарылысы салдарынан 9 адам қаза тапқан еді.