• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Мирас Бүгін, 10:25

Мұхаңның батасы

60 рет
көрсетілді

Мұхтар Шахан! Біртуар Мұхаң. Түркі дүниесі мен адамзатқа ортақ қайраткер... Иә, бірде «Аға, қазақ тілі деп жүрсіз, неге «ов»-тан құтылмайсыз?» деген жастардың тіке сұрағына қайсар да адал ақын: «Несі бар, Мұхтар Шахан болды деп есептеңдер!» деп жауап қатқаны бар.

Ақсақал шағында Мұхаңнан жұрт түрлі жиын үстінде бата сұрайтын. Сонда ол кісі: «Мен Отырарда жер кепеде туып, халықпен бірге соғыс ауыртпашылығын көрдім. Қасқасуда асқар тауға қарап, биіктікті армандадым. Анам, ауыл ақсақалдары, асыл әжелер – тәрбие мектебім болды. Солардың батасы құлағымда тұр. Соны жеткізіп, өз ойымды қосайын» деп, мына ақ батасын бергені есімізде:

«Айналайындар!

Жаратқан иеміз жар болсын!

Жүз жиырма төрт мың пайғамбар,

Отыз үш мың сахаба,

Тоқсан тоғыз машайық,

Қайып ата, Қаз ата,

Сайрамда бар сансыз баб,

Түркістанда түмен баб,

Отырарда отыз баб,

Ең үлкені Арыстан баб –

Қазақ жеріндегі барлық әулие-әнбие

Аруағы қолдасын!

Баршаңызға темірқазық –

Шындық пен ұлттық мүдде

Биіктен жарқырасын!

Қазақ тілі мен рухының айы оңынан,

Жұлдызы солынан тусын!

Ұлтымыздың саны жүз миллионнан ассын!

Аллаху акбар!..».

Кеше артында қалған қалың жұрты Мұхаңның әзіз сүйегін, өзі аманаттағандай, «Отырарда отыз баб, Ең үлкені Арыстан баб» маңындағы қорымға арулап қойды.

 

Ескерген Иманбай 

Соңғы жаңалықтар