• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң мен Тәртіп Бүгін, 10:02

Абай облысында шаруа қожалығы басшысы 211 млн теңге жымқырған

30 рет
көрсетілді

Абай облысында шаруа қожалығының басшысы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен сотқа тартылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тергеу мәліметінше, «Ықыбай» шаруа қожалығының жетекшісі жалған құжаттарды пайдалану арқылы ірі қара мал сатып алу үшін жалпы сомасы 250 миллион теңгеден асатын екі ірі несие рәсімдеген. Алайда алынған қаражат мал шаруашылығын дамытуға жұмсалмай, жеке мақсаттарға бағытталған.

Ақмола облысында мәдениет үйінің есепшісі 58 миллион теңге жымқырған

Құжаттарда кепіл ретінде көрсетілген мал мен нысандар шын мәнінде сатып алынбағаны анықталды. Осылайша мемлекетке келтірілген шығын 211 миллион теңгені құрады. Тергеу барысында күдікті келтірілген залалды толық өтеген.

Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған

Қазіргі таңда қылмыстық іс сот қарауына жолданды.

Соңғы жаңалықтар