• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экономика Бүгін, 14:38

Еліміздің бидай қоры 10,8 миллион тоннаны құрады

40 рет
көрсетілді

Қазақстанда 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша астық және бұршақ дақылдарының қоры 13,3 миллион тонна деңгейінде қалыптасып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елдегі бидай қоры 10,8 миллион тонна болса, оның 9,2 миллион тоннасы – азық-түлік бидайы. Сонымен қатар арпа – 1,4 миллион тонна, күріш – 177 мың тонна, жүгері – 104 мың тонна, сұлы – 157 мың тонна, қарақұмық – 53 мың тонна, тары – 19 мың тоннаға жуық, ал қара бидай көлемі шамамен 11 мың тоннаны құрайды.

Өңірлер бөлінісінде астықтың ең ірі қоры Ақмола облысында – 4 миллион тонна. Одан кейін Қостанай облысы – 3,4 миллион тонна және Солтүстік Қазақстан облысы – 3,3 миллион тонна көрсеткішпен орналасқан.

Қазақстан Тәжікстанға бидай экспортын 1,3 миллион тоннаға дейін арттырмақ

Жыл басындағы сыртқы сауда деректеріне сәйкес, бидай экспорты 957 мың тонна болса, импорт 82 мың тоннаны құраған. Арпа экспорты – 134 мың тонна, импорт – 7,5 мың тонна. Күріш экспорты 11 мың тонна, жүгері – 16 мың тонна, сұлы – 250 тонна көлемінде тіркелген.

Түркістан облысында бидай өңдейтін зауыт іске қосылды

Сарапшылардың бағалауынша, қор құрылымында негізгі үлесті бидай алады және оның басым бөлігі экспортқа бағытталған азық-түлік өнімі саналады.

Нұрболат АМАНБЕК

 

Соңғы жаңалықтар