Сауда және интеграция министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі және Қазақстанның Мал шаруашылығы одағы арасында сиыр еті бағасын тұрақтандыруға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандум жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Келісім аясында Қазақстанның Мал шаруашылығы одағы ішкі нарықты ет өнімдерімен басым түрде қамтамасыз етуге және тапшылықтың туындауына жол бермеуге міндеттелді. Сондай-ақ сиыр етінің экспорттық көлемінің кемінде 15 пайызын сауда желілері арқылы ішкі нарыққа жеткізуді ұйымдастыру көзделген.
Базардағы жаңа тәртіп: Баға айқындалып, бақылау тетіктері күшейеді
Бұдан бөлек, өндірушілердің ішкі нарыққа сиыр етін орташа республикалық бағадан аспайтын, яғни 1 келісі үшін 3275 теңге деңгейіндегі баға бойынша жеткізуі қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар ет өнімдерін ішкі нарыққа бағыттау бойынша аккредиттелген экспорттаушылардың қызметін үйлестіру міндеті жүктелді.
15%-дық межеден асқан: Азық-түлік бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерге айыппұл салынды
Ауыл шаруашылығы министрлігі меморандум шеңберінде ішкі нарық толық қамтамасыз етілген жағдайда белгіленген тәртіппен экспорттық квоталарды арттыру мүмкіндігін қарастырады.
Нұрболат АМАНБЕК