• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 16:45

Жамбыл облысында екі жасөспірімнің мәйіті табылды

30 рет
көрсетілді

Жамбыл облысы Қордай ауданына қарасты Қаракемер ауылында сарайдан екі оқушының мәйіті табылды. Ақпаратты Жамбыл облыстық полиция департаменті растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полицияның мәліметінше, аталған жағдай суицид ретінде қарастырылып отыр. Қазір оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.

Алматы облысында оқушы өліміне қатысты тергеу жұмыстары басталды

Облыс әкімінің тапсырмасымен оқиға орнына шұғыл түрде әкімнің орынбасары, тиісті басқарма басшысы және оның орынбасары барған. Сондай-ақ өңір әкімдігі тарапынан оқушылар мен олардың ата-аналарына психологиялық көмек көрсету жұмыстары ұйымдастырылғаны хабарланды.

Соңғы жаңалықтар