• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 14:50

Көлік жүргізу кезінде телефон пайдалану: Бейнебақылау камералары қалай жұмыс істейді?

110 рет
көрсетілді

Бүгінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде технологияның тіліне жүгіну үйреншікті құбылысқа айналды. Көше бойындағы сансыз камералар құқықбұзушылықтың әрбін сәтін қалт жібермей тіркеп тұр. Алайда цифрлық жүйенің қырағылығы мен заңның әділдігі тоғысқан тұста жүргізушілерді мазалайтын сауалдар аз емес. Бұл ретте Ішкі істер министрлігі көлік басқару кезінде телефонды пайдалану мен оған салынатын айыппұл төңірегіндегі өзекті мәселелерге ресми түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.

Еске сала кетейік, 12 наурыздан бастап камералар арқылы тіркелетін құқық бұзушылықтар көбейді. Енді жол ережесін бұзу фактісі цифрлық жүйелер (камералар) арқылы анықталса, айыппұл бұрынғыдай көлік иесіне емес, тікелей рөлде отырған адамның атына жазылады. Бұл мақсатта барлық деректер Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімімен (ӘӨБТ) интеграцияланған. Егер бұған дейін автоматты жүйелер жылдамдықты асыру мен бағдаршамға бағынбау сияқты 6 түрлі ережені бақыласа, енді олар қауіпсіздік белдігін тақпағандарды және көлік тізгінінде телефонмен сөйлесу ережесін бұзғандарды да мүлтіксіз анықтай бастады.

Камера тіркейді, қызметкер тексереді

Көпшілік арасында «жол қозғалысын бақылау камералары айыппұлды автоматты түрде салады» деген жаңсақ түсінік қалыптасқан. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бұл процес толықтай автоматтандырылмаған. Бейнебақылау камералары түсірген әрбір кадр, әрбір секундтық материал міндетті түрде уәкілетті қызметкерлердің сүзгісінен өтеді.

«Жол қозғалысын бақылау камералары құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейді. Алайда айыппұл салу толықтай автоматты түрде жүргізілмейді. Камера түсірген материалдар міндетті түрде уәкілетті қызметкерлерге жіберіліп, олар әр жағдайды жеке тексереді. Яғни әрбір тіркелген факт бойынша барлық құқық бұзушылық белгілері қаралады. Қызметкер фото/видео материалды талдап, нақты шешім қабылдайды. Осылайша, негізсіз айыппұл салу тәуекелі азаяды», деп түсіндірді министрліктің баспасөз қызметі.

Осы тұста кейбір жүргізушілердің телефонды жасыру, бет-әлпетін бас киіммен көлегейлеу сияқты әрекеттері еш кепілдік бермейтінін ұғыну қажет. Министрлік мамандары камера тек күдікті белгіні анықтайтынын, ал соңғы шешімді қызметкер қабылдайтынын ескертеді.

«Жол жүрісі туралы» заңның 54-бабы 4-тармағына сәйкес жүргізушіге көлік жүргізу кезінде телефонды қолда ұстап пайдалануға тыйым салынады. Қандай мақсатта болса да (сөйлесу, жазу, оқу, навигатор қарау, видео түсіру) егер телефон қолда болса, бұл құқық бұзушылық болып саналады. Тіпті көлік уақытша тоқтаған жағдайда да (бағдаршам, кептеліс) жүргізуші көлікті басқарып келе жатқан болып есептеледі. Былайша айтқанда, бағдаршамға тоқтап тұрғанда да, кептелісте тоқтап тұрғанда да қолда телефонды пайдалану бұзушылық болып саналады», делінген ресми жауапта.

Заңнама жүргізушіні байланыс құралынан толық ажыратуды мақсат тұтпайды, тек қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Мынадай жағдайларда телефонды пайдалануға рұқсат етіледі:

Құлаққап арқылы сөйлесу; Дауыс зорайтқыш; Көліктің мультимедиа жүйелері; Дауыспен басқару. Яғни, телефонды қолға ұстамай дауыспен басқаруға болады.

Егер азамат айыппұл заңсыз салынды деп есептесе, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 44-тарауына сәйкес шағымдануына болады. Министрлік өкілдері мұндай жағдайда фото-видео дәлелдемелер, куәгерлердің сөздері мен өзге де материалдар істі қайта қарауға негіз бола алатынын айтады.

Енді елордада айыппұл тұрақтары ақылы болады

Сондай-ақ заң бойынша камера телефонды тіркеген жағдайда айыппұл көлік иесіне рәсімделеді. Бірақ, егер иесі сол сәтте рөлде басқа адам болғанын заңды түрде дәлелдей алса, жауапкершіліктен босатылады.

Соңғы жаңалықтар