• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 14:30

Мешіттен 175 мың теңгелік аяқ киімді ұрлап кеткен күдікті ұсталды

40 рет
көрсетілді

Астана қалалық полициясы елордағы мешіттердің бірінде ұрлық жасаған 34 жастағы ер адамды ұстады, деп жазады Egemen.kz.

Тергеу барысында белгілі болғандай, күдікті мешітке келіп, сөреден құны 175 мың теңге тұратын аяқ киімді ұрлап кеткен. Ал өзінің аяқ киімін сол орында қалдырған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктінің жеке басын анықтап, оны қысқа мерзімде ұстады. Ұрланған аяқ киім тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Алматыда ер адам мешітте намаз уақытында ұрлық жасаған

Аталған іске қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Қазір күдіктінің осыған ұқсас басқа да құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар