Шымкент полициясы жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған автокортежді тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға барысында полицейлер қозғалыс ережесін бұзған бірнеше көлікті анықтап, олардың жолын кесті. Кортеж жүргізушілері қарсы бағытқа шығу, бағдаршамның тыйым салатын сигналына қарамай өту, кері бағытта жүру және басқа да қауіпті маневрлер жасау арқылы жол қозғалысының қауіпсіздігіне қатер төндірген.
Шымкентте заңсыз миграциямен айналысқан топ ұсталды
Бейнебақылау камералары мен жедел полиция әрекетінің нәтижесінде барлық көліктер анықталып, құқық бұзушылықтар тоқтатылды.
Барлық жүргізушілер заң алдында жауапкершілікке тартылды. 12 автокөлік айыптұраққа қойылып, екі адамға қатысты әкімшілік қамау шарасы қолданылды.
Полиция өкілдері мұндай әрекеттерге қатаң тыйым салынатынын ескертіп, әлеуметтік мәртебеге қарамастан жол ережесін бұзғандарға заң аясында тиісті шара қолданылатынын мәлімдеді.
Шымкентте балаларын қорлаған анаға сот үкімі шықты