• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Инвестиция Бүгін, 10:50

Ел экономикасына 3,5 трлн теңге инвестиция салынды

30 рет
көрсетілді

2026 жылдың бастапқы тұсында Қазақстан экономикасында инвестициялық белсенділік айқын күшейіп, негізгі өсім факторына айналды. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3,5 трлн теңгеге жетіп, 6,4%-ға артты. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Вице-министрдің айтуынша, инвестиция тарту бағытында өңірлер арасында Жамбыл, Түркістан және Ұлытау облыстары көш бастап тұр. Ал салалық тұрғыда қаржының басым бөлігі электрмен жабдықтау, байланыс және ауыл шаруашылығы бағыттарына құйылған. Бұл экономиканың нақты секторларында өсім бар екенін көрсетеді.

35 мың доллар көлеміндегі инвестиция: Павлодарлық оқушының TabAI жобасы Google грантын иеленді

Сыртқы сауда көрсеткіштері де оң динамиканы айғақтайды. Жылдың алғашқы 2 айында тауар айналымы 11,3%-ға өсіп, 21,7 млрд долларды құрады. Бұл – экспорт пен импорт ағындарының тұрақты дамып келе жатқанын білдіреді.

«Экономикалық өсім жөніндегі жедел штабта апта сайын нақты кәсіпорындардың проблемалық мәселелері және өнім шығаруды ұлғайту үшін оларды шешу жолдары қаралады. ІЖӨ-нің таргеттелетін өсуін қамтамасыз ету мақсатында салалық министрліктер салаларды дамытудың нысаналы параметрлеріне қол жеткізу үшін барлық қаржылық және қаржылық емес шараларды қабылдауды қамтамасыз етуі қажет», деді Азамат Әмрин.

Инвестиция көлемінің ұлғаюы экономиканың орнықты дамуына серпін беріп, өңірлер мен салалар арасындағы іскерлік белсенділікті арттырады.

Полиция инвестициялық алаяқтықтың қауіпті схемалары туралы ескертті

Соңғы жаңалықтар