Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген блогер Қайсар Қамза Вьетнамның Камрань қаласында ұсталды. Оны Қазақстан Ішкі істер министрлігі Интерполмен бірлесіп қолға түсірген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ведомство мәліметінше, ол әлеуметтік желілерде онлайн-казиноны жарнамалайтын видеоматериалдарды жүйелі түрде жариялап, қолданушыларды құмар ойындарға тартқан. Осы әрекеттері арқылы күдікті 100 миллион теңгеден астам заңсыз табыс тапқан. Қаражат оның атына тіркелген криптовалюта әмиянына аударылып отырған.
Қазіргі уақытта оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.
«Ұстаз-блогер» Нұржан Смағұлов жауапкершілікке тартылды
Ішкі істер министрлігі шетелге қашып кету қылмыстық жауапкершіліктен босатпайтынын ескертті:
«Іздеуде жүрген әрбір тұлға анықталып, ұсталып, Қазақстанға жеткізіледі. Бұл – тек уақыт мәселесі», делінген ресми хабарламада.