Шымкентте заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырып келген қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Күдіктілер ақшалай сыйлықақы үшін мигранттарды тыйым салынған әрекеттер негізінде заңдастырған, деп жазады Egemen.kz.
Ішкі істер министрлігі мен прокуратураның үйлестірумен жүргізілген операция барысында 28 тінту іс-шарасы жүргізілген.
Нәтижесінде ондаған шетелдіктен паспорт, ұйымдастыру техникасы, байланыс құралдары, түрлі бланкілер мен жалған еңбек шарттары тәркіленді. Сонымен қатар ірі көлемдегі ақша және тіркелмеген қару алынды.
Е.Көшербаев Бішкекте заңсыз көші-қон мен экстремизмге қарсы күш біріктіруді ұсынды
Ал қылмыстық топтың ұйымдастырушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған іске қатысы бар 13 адам полицияға жеткізіліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Ішкі істер министрлігі көші-қон заңнамасын бұзудың кез келген фактісі тексерілетінін ескертіп отыр.
Көші-қон заңнамасын бұзған 121 шетелдік елден шығарылды