Қорғалжын ауданында дамбы бұзылғаннан кейін су егістік алқаптар арқылы өтіп, Астана – Қорғалжын трассасына дейін жетті, деп жазады Egemen.kz.
Егер жол жабыны зақымданса, су елді мекенге қарай еркін тарауы мүмкін еді. Алайда қазіргі жағдайда жол толықтай бүтін күйінде сақталып отыр, қозғалысқа шектеу қойылмаған. Сонымен қатар су өткізу құбыры судың жиналуына жол бермей, оны қауіпсіз бағытқа бұрып отыр.
Мұндай төтенше жағдайлар бір сәтте шешілмейді. Олар алдын ала жасалған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде ғана еңсеріледі.
«ҚазАвтоЖол» мамандарының мәліметінше, соңғы 2 жылда елдегі су тасқыны қаупі бар учаскелер саны 284-тен 184-ке дейін қысқарған. Олардың жалпы ұзындығы да айтарлықтай азайып, 206 км-ден 83 км-ге дейін төмендеген. Бұрын ондаған жерден су асып өтсе, қазір мұндай жағдайлар жекелеген ғана жағдай ретінде тіркеледі.
Шөптікөл бөгетіндегі қазіргі ахуал: Сабынды ауылында су тасқыны қаупі жойылды
Бұл нәтижеге қол жеткізу үшін су өткізетін құбырлар тазартылып, жаңалары орнатылған, су ағынын есептеу жүйелері жетілдіріліп, тұрақты мониторинг жүргізіліп отыр. Тек өткен жылы ғана 500-ден астам су өткізу құбыры орнатылған, ал биыл бұл жұмыстар жалғасады.
Елімізде жол желісінің ұзындығы 25 мың шақырымнан асады. Көктемгі кезең – осы инфрақұрылым үшін нағыз сынақ. Су тасқыны, температураның күрт өзгеруі және жер бедеріне түсетін қысым – бәрі жүйенің беріктігін тексереді. Кей жерлерде бұрын болмаған жаңа қауіптер де пайда болуы мүмкін.
Су тасқыны: Ақмола облысында жағдай қалай?