• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 20:10

Шымкентте мектеп түлегі 23 шетелдік университеттен шақырту алды

Шымкенттің үздік оқушысы Тамерлан Сыздықов 23 шетелдік жоғары оқу орнынан шақырту алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тамерлан Сыздықов – А.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының түлегі. Бұған дейін ол «Үздік оқушы – 2025» конкурсының жеңімпазы атанған. 

Мектеп түлегіне шақыру жолдаған оқу орындарының ішінде АҚШ, Гонконг, Австралия және Испания, Италия, Түркия мен Ұлыбритания сияқты Еуропа елдері бар.

«Халықаралық университеттерің ұсыныстарына қарамастан Тамерлан жоғары білімді Қазақстанда алуды жөн көріп, таңдауын Nazarbayev University оқу орнымен байланыстырып отыр» делінген қала әкімдігінің ақпаратында.

Айта кетейік, шымкенттік Айсұлтан Жаңбырбай мен Түркістан қаласының тумасы Жасұр Нышанбаев мүмкін болған 140 балдың барлығын жинап, ең үздік нәтиже көрсетті.

Соңғы жаңалықтар