• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экономика Бүгін, 18:00

Новороссийск портына жасалған шабуыл қазақ мұнайының экспортына әсер етті ме?

20 рет
көрсетілді

Энергетика министрлігі 5 сәуір күні Новороссийск портындағы «Шесхарис» мұнай терминалына жасалған дрондардың соққысына қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта жағдай тұрақты бақылауда. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, бұл оқиға Қазақстан мұнайының экспорт көлеміне әсер еткен жоқ.

Министрдің кеңесшісі – ресми өкіл Әсел Серікпаева атап өткендей, қазақстандық шикізатты магистральдық мұнай құбырлары арқылы қабылдау және тасымалдау қалыпты жұмыс режимінде жүзеге асып жатыр. Экспорттық жоспарлар белгіленген кестеге сәйкес орындалуда.

Дубайдағы дрон шабуылын видеоға түсірген шетелдіктер ұсталды

Айта кетейік, ресейлік БАҚ деректеріне сәйкес, 5 сәуір күні Краснодар өлкесінде дрондар шабуылы бірнеше сағат бойы жалғасқан. Ең көп зардап Новороссийск қаласында тіркеліп, 8 адам жарақат алған. Шабуылдың негізгі нысандарының бірі – стратегиялық маңызы бар «Шесхарис» мұнай терминалы болды. Бұл нысан арқылы, соның ішінде Қазақстан мұнайы да транзитпен тасымалданады, дегенмен оның басым бөлігі Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы жөнелтіледі.

Туапсе порты мен мұнай өңдеу зауытына дрон шабуылынан кейін зақым келді

Бұған дейін де, өткен жылдың күзінде, осы терминалға дрондар шабуылы жасалған болатын. Ол кезде мұнай базасы мен жағалау инфрақұрылымы зақымданғаны хабарланған. Алайда Қазақстан Энергетика министрлігі сол кезде де мұнай қабылдау мен тасымалдау жұмыстарының еш кедергісіз, қалыпты режимде жүргізілгенін мәлімдеген.

Соңғы жаңалықтар