• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 17:50

Қазақстанда жалдамалы тұрғын үйді бөлу уақытша тоқтатылды

10 рет
көрсетілді

Елімізде кезекте тұрған азаматтарға жалдамалы тұрғын үй бөлу 16 сәуірге дейін тоқтатылды. «Отбасы банк» өкілдерінің мәліметінше, осы уақыт аралығында жүйе жетілдіріліп, оны барынша ашық әрі қолжетімді ету көзделіп отыр, деп жазады Egemen.kz.

Бұған дейін жалдамалы пәтерлер отбасы құрамына қарай бөлінетін. Қолданыстағы талапқа сәйкес, бір адамға кемінде 15-18 шаршы метр тұрғын алаңы қарастырылуы тиіс болатын.

Сондықтан жүйе алдымен кезегі келген азаматқа ұсынылатын баспананың ауданы талапқа сай келе ме, соны тексеретін. Мәселен, бес адамнан тұратын отбасыға кеңірек пәтер қажет.

Ақтөбе облысында көпқабатты тұрғын үй салынуы тиіс жер мемлекет меншігіне өтті

Алайда лайықты нұсқа табылмаған жағдайда, жүйе кезекті «аттап өтіп», пәтерді отбасында адам саны аз келесі үміткерге ұсынатын. Соның салдарынан баспана алуға құқығы бар азаматтар ұзақ уақыт бойы кезекте қалып қоятын.

Енді «Отбасы банк» бұл тәсілді өзгертпек. Жаңа тәртіп бойынша, пәтер тұрғын үйдің ауданы мен отбасы құрамына қарамастан кезегі келген азаматқа ұсынылады.

Тұрғын үй кезегіндегі өзгерістер: 16 мыңнан астам адам тізімнен шығарылды

Мысалы, азаматқа 75 шаршы метрлік пәтер қажет, ал қолда 65 шаршы метр бар болса, сол баспана ұсыныла береді.

Одан әрі келісу немесе бас тарту шешімін кезекте тұрған азаматтың өзі қабылдайды. Тек ол ұсыныстан бас тартқан жағдайда ғана пәтер келесі кезектегі адамға беріледі.

 
Соңғы жаңалықтар