• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 17:40

АҚШ пен Иран арасындағы соғыс салдары: Сауд Арабиясының мұнай экспорты 50%-ға төмендеді

20 рет
көрсетілді

Сауд Арабиясының экономикасы АҚШ пен Иран арасындағы әскери шиеленістің әсерінен айтарлықтай қысымға түсті. Сарапшылардың бағалауынша, елдің шығыны 10 млрд доллардан асты. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы хабарлаған, деп жазады Egemen.kz.

Қақтығыстың салдары ретінде Ормұз бұғазындағы теңіз тасымалына қойылған шектеулер елдің мұнай экспортына тікелей әсер етті. Сонымен қатар, Иран тарапынан жасалған соққылар мен бірқатар халықаралық іс-шаралардың тоқтатылуы да экономикалық шығынды ұлғайтқан.

Bloomberg дерегіне сәйкес, 2026 жылдың наурызында Сауд Арабиясының мұнай экспорты 50% төмендеп, тәулігіне 3,33 млн баррельге дейін азайды. Ал ақпанда бұл көрсеткіш 6,66 млн баррель болған.

Қазіргі таңда Персид шығанағында шамамен 55 млн баррель сауд мұнайы тасымалданбай тұр. Бұл – әлемдік нарықтағы елеулі көлем.

Экспортты тұрақтандыру үшін балама бағыттар іске қосылды. Ел билігі мұнай ағындарын «Шығыс-Батыс» құбыры арқылы қайта бағыттауға мәжбүр болды. Бұл құбырдың өткізу қуаты тәулігіне шамамен 7 млн баррельді құрайды.

Сонымен бірге, Қызыл теңіздегі Янбу порты арқылы экспорт көлемі тәулігіне 3,2 млн баррельге дейін өсті, бұл өткен жылғы орташа көрсеткіштен төрт есе жоғары.

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

Еске салайық, АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы басталғалы бері Ормұз бұғазы арқылы өтетін тасымал іс жүзінде тоқтады. Бұғаз әлемдік мұнайдың 20% және сұйытылған газдың 30%-дан астамы өтетін маңызды бағыт еді.

Қазір тасымал көлемі қалыпты деңгейдің небәрі 5%-ын құрап отыр, ал әлемдік нарық шамамен 400 млн баррель мұнайды жоғалтты.

Ормұз бұғазы айналасындағы жағдай тек өңірлік емес, жаһандық энергетикалық тұрақтылыққа тікелей әсер етіп отыр. Қақтығыстың ұзаққа созылуы әлемдік нарықтағы мұнай бағасын айтарлықтай өсіріп, көптеген елдердің экономикасына ауыр соққы беруі мүмкін.

Тәулігіне 206 мың баррель: ОПЕК+ елдері мұнай өндірісін арттыруға келісті

Соңғы жаңалықтар