• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 15:30

Тәулігіне 206 мың баррель: ОПЕК+ елдері мұнай өндірісін арттыруға келісті

20 рет
көрсетілді

Әлемдік мұнай нарығындағы ахуалды талқылаған ОПЕК+ ұйымына мүше 8 ел – Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, БАӘ, Кувейт, Қазақстан, Алжир және Оман 5 сәуірде онлайн форматта кездесу өткізді. Келіссөздер барысында қатысушы мемлекеттер мұнай нарығының тұрақтылығын сақтауға бейілді екенін тағы бір мәрте растады, деп жазады Egemen.kz.

Кездесу қорытындысында елдер 2023 жылғы сәуірде жарияланған тәулігіне 1,65 млн баррель көлеміндегі ерікті қысқартулар шеңберінде қосымша 206 мың баррельге түзету енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл өзгеріс 2026 жылдың мамыр айынан бастап күшіне енеді.

Ресей мұнайының Қазақстан арқылы транзиті 2027 жылға дейін жалғасады

Сонымен қатар, нарықтағы жағдайға қарай бұл көлем толық немесе ішінара кезең-кезеңімен қайтарылуы мүмкін. Елдер мұнай өндірісін реттеуде икемділік сақтайтынын атап өтті.

Қатысушы мемлекеттер нарықтағы ахуалды тұрақты бақылап, қажет болған жағдайда өндірісті арттыру, уақытша тоқтату немесе қайта қысқарту шараларын қолдануға дайын екенін жеткізді. Оның ішінде 2023 жылғы қарашада жарияланған тәулігіне 2,2 млн баррель қысқарту көлемін қайта қарау мүмкіндігі де сақталады.

ОПЕК+ елдері Ынтымақтастық декларациясы аясындағы міндеттемелерді толық орындауға ниетті екенін растады. Сондай-ақ 2024 жылдың қаңтарынан бері белгіленген көлемнен артық өндірілген мұнайды толық өтеу міндеті атап өтілді.

Бұл үдеріс Бірлескен министрлік мониторинг комитетінің (JMMC) бақылауында болады.

Қазақстан неліктен ОПЕК+ нысанасына айналды

Кездесуде халықаралық теңіз бағыттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ерекше маңызды екені айтылды. Себебі бұл энергия тасымалының үздіксіздігін сақтаудың негізгі шарты болып саналады.

Сонымен қатар, қатысушы елдер энергетикалық инфрақұрылымға жасалған шабуылдарға алаңдаушылық білдірді. Мұндай нысандарды қалпына келтірудің қымбат әрі ұзақ уақытты талап ететіні, бұл өз кезегінде жалпы ұсыныс көлеміне кері әсер ететіні атап өтілді.

«Инфрақұрылымға қауіп төндіретін немесе теңіз жолдарын бұғаттайтын кез келген әрекет нарықтағы тұрақсыздықты күшейтіп, жаһандық экономиканың мүддесіне қайшы келеді», делінген мәлімдемеде.

ОПЕК+ елдері нарықтағы жағдайды, келісімдердің орындалуын және өтемақы тетіктерін ай сайын талқылап отыруға уағдаласты. Келесі кездесу 2026 жылғы 3 мамырға жоспарланған.

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

Соңғы жаңалықтар