Қазір құжаттарды ресімдеу 90 күнге дейін созылса, жаңа ереже қабылданса, бұл мерзім 40 жұмыс күніне дейін қысқарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазіргі уақытта шетелдегі дипломатиялық қызметтер арқылы паспорт алу мерзімі шамамен 90 күнге дейін (egov.kz) созылса, енді 2 есе қысқарады. Жоба 6 сәуірге дейін қоғамдық талқылауда болады.
Қазір шетелде паспорт алу бірнеше кезеңнен тұрады:
- азамат консулдыққа өтініш береді;- консулдық құжаттарды жинап, фотосурет пен төлем квитанциясын қоса Қазақстанға жібереді;- ІІМ паспортты шығарып, мөр басып, тексерістер жүргізеді;- дайын құжат қайтадан консулдыққа жеткізіліп, азаматқа беріледі.
Ұзақтық көбіне құжаттарды тасымалдау, қағазбастылық және консулдықтардағы кезекке байланысты.
Қазақстан паспорты әлемдік рейтингте 61-орынға көтерілді
Жаңа ереже қабылданса, құжаттарды жинау мен жіберу процесі жеделдейді, цифрлық жүйе арқылы кейбір операциялар онлайн өңделеді. Нәтижесінде шетелдегі азаматтар паспортты шамамен 2 айдан аз мерзімде ала алады, ал консулдықтардағы жүктеме азаяды.
Бұл өзгеріс шетелдердегі отандастарымыз үшін құжат рәсімдеудің жылдам әрі қолжетімді болуына мүмкіндік береді.
Визасы бар ескі паспорт жарамсыз болып қала ма?