Талдықорған қаласында есірткіні заңсыз сақтау және сату күдігімен 62 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жетісу облысының полиция департаменті мәліметінше, жедел іс-шаралар барысында полицейлер бақылау сатып алуын жүргізіп, күдіктіден 5 грамнан астам есірткі сатып алған.
Кейін оның тұрғылықты жерінде жүргізілген тінту кезінде жасыл түсті, ерекше иісі бар өсімдік тектес зат салынған алты полиэтилен пакет табылып, тәркіленген.
Сонымен қатар, үй ауласындағы сарайдан оралған ірі қара пакет анықталған. Оның ішінде салмағы 5 келіден асатын, гашишке ұқсас зат болған.
Шымкентте ірі есірткі зертханасы жойылды
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Сот шешімімен күдіктіге денсаулық жағдайына байланысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, есірткі заттарын заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе сату 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеумен жазаланады.
Ақтөбе облысында есірткі бизнесін жүргізгендер 17 жылға сотталды