• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Кеше

Дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Грузиядағы Grand Slam турнирінің чемпионы атанды

10 рет
көрсетілді

Қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Тбилисиде (Грузия) өтіп жатқан Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Нұрқанат 66 келіге дейінгі салмақтың финалында әзірбайжандық Туран Байрамовпен кездесті.

Тартысты өткен белдесуде отандасымыз соңғы секундтарда ұтымды әдіс жасап, «юко» ұпайына ие болды. Нәтижесінде алтыннан алқа тақты.

Айта кетейік, Нұрқанат Серікбаев 2024 жылы Тбилисиде өткен Grand Slam турнирінде де жеңіске жеткен еді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі медаль бар. Бұған дейін Талғат Орынбасар (60 келіге дейін) қола медаль жеңіп алды.

Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды

 

Соңғы жаңалықтар