Қала прокуратурасы әкімдіктегі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілерін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Павлодар облысы прокуратурасының мәліметінше, лауазымды тұлғалар заңнамалық тыйымға қарамастан букмекерлік кеңселерде белсенді шоттарға ие болған. Мысалы, ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісінің жеке шоты бойынша айналым 6,8 млн теңгені құраған.
«Ұқсас заңбұзушылықтар ауылдық округ әкімі, Тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысының орынбасары, сондай-ақ қала әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің 7 қызметкері тарапынан да анықталды», делінген облыс прокуратурасының хабарламасында.
Қылмыстық қудалауға тартылған мемлекеттік қызметшілердің үлесі 0,3%-ға қысқарды
Қызметтік тексеру нәтижелері бойынша барлық құқықбұзушылық фактілері жөніндегі материалдар Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесіне жолданған.
Мемлекеттік қызметшілер тарапынан әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларын сақтауға бақылауды әлсіз жүргізгені үшін қала әкімі аппаратының жауапты басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылып отыр.
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қалай қорғалады?