• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 16:32

Наурыз қарсаңында ұлттық спортты ұлықтау – ұтымды үрдіс

50 рет
көрсетілді

Наурызнама күнтізбесіне сәйкес 20 наурыз – Ұлттық спорт күні. Бұл күн төл спортымызды дәріптеуге, насихаттауға және оны заманауи үрдістермен ұштастыра отырып, ұлттық бірегейлікті нығайтуға бағытталған маңызды дата. Бүгінде елімізде асық ату, аударыспақ, бәйге, дәстүрлі садақ ату, жамбы ату, жекпе-жек, көкпар, қазақ күресі, құсбегілік, теңге ілу және тоғызқұмалақ сынды 11 ұлттық спорт түрі дамып келеді. Оның ішінде төртеуі ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізілген. Халық ықыласы мен әлем мойындаған ұлттық спорт түрлерін ұлыстың ұлы күні қарсаңында айрықша бедерлеу сана мен тәнді серпілтіп қана қоймай, ұжымдық рух сыйлайтыны сөзсіз, деп жазады Egemen.kz.

Бүгінде елімізде ұлттық спортты насихаттау әрі жас буын бойына сіңіру тұрғысында тиянақты тірлік атқарылып жатыр. Туризм және спорт министрлігі келтірген дерекке сай, қазір ел аумағында 16 555 ұлттық спорт үйірмесі жұмыс істеп тұр. Дүниежүзілік тоғызқұмалақ қауымдастығының бас хатшысы Мақсат Шотаев Наурыз қарсаңында ұлттық спорттың ұлықталуы балдырғандардың үйірмеден үйренгендерін мереке қарсаңында аға толқынның тәжірбиесімен толықтыру үшінде ұтымды екенін атап өтті.

Ұлттық спорт түрлері: көкпар мен қыз қуу әлемде қалай насихатталып жатыр

«Ұлттық спорт күні – халықтың мәдени мұрасын, салт-дәстүрін және тарихи жадын жаңғыртатын маңызды күн. Бұл күн тек ойын-сауық емес, ұлттың рухани болмысын, дүниетанымын және өмір салтын көрсететін ерекше құбылыс. Ең алдымен, ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні зор екенін ескерсек, жастарды ептілікке, батылдыққа, ұйымшылдыққа және төзімділікке баулитыны қуантады. Сонымен қатар, ұлттық ойындар күні – ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын көпір. Аға буын өз білгенін кейінгіге үйретіп, мәдени мұраны сақтауға үлес қосады. Бұл қоғамда бірлік пен өзара түсіністікті нығайтады», деді Мақсат Шотаев.

Сондай-ақ былтырдан бастап ұлттық спорт түрлері олимпиадалық спорт түрлерімен қатар басымдыққа ие болды. Бұл ұлттық спорт өкілдерінің шеберлігін шыңдауға септігін тигізетін мақсатты қаржыландыруға жол ашып отыр. Дүниежүзілік тоғызқұмалақ қауымдастығының бас хатшысы ұлттық ойындардың адамзаттық құндылыққа айналуы олардың әмбебап қасиеттерімен де байланысты екенін ерекше екшеді.

Ұлттық спорт – табыс көзі

«Кез келген халықтың ойындарында әділдік, достық, ынтымақтастық, құрмет сияқты ортақ құндылықтар көрініс табады. Сондықтан ұлттық ойындар тек бір ұлтқа ғана емес, бүкіл адамзатқа ортақ рухани байлық ретінде бағаланады. Қазіргі жаһандану дәуірінде ұлттық ойындарды сақтау – мәдени әртүрлілікті қорғаудың маңызды бөлігі. Олар арқылы әр халық өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, әлемдік мәдениетке үлес қосады. Ұлттық ойындар түрлі елдер арасында мәдени байланыс орнатып, халықтар достығын нығайтуға ықпал етеді. Ал осындай қырағы қызмет атқаратын ұлттық спорттың мереке аясында айтулы тойлануы қуантады», деп атап өтті Мақсат Шотаев.

Олжасы мол ұлттық спорт

Жалпы елімізде «Ақбидай» ауыл спорт ойындары, «Қазақстан барысы» турнирі, «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі және этноспорт бойынша түрлі фестивальдер жыл бойы ұйымдастырылады. Еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін қызыға атсалысатын спорт тартыстары оны үздіксіз үгіттеуге үлес қосып жатыр.

Соңғы жаңалықтар